Айналымынан алынған ескі үлгідегі бәйтерек сериялы ақшаларды айырбастау мерзімі аяқталып келеді. Номиналдары 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды ұлттық банкке 2020 жылдың 3 қазанына дейін ғана тапсырып үлгеру керек.
Арайлым АМИН, «ҚР Ұлттық банкі» РММ АОФ бөлім басшысының орынбасары:
– 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру 2016 жылдың қарашасында басталды. Осы жылдың үшінші қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақшаға айырбастауды тоқтатады.