Атыраудан Каспий теңізіне қарай 30-40 шақырым жерде қамыстың біраз уақыттан бері өртеніп жатқаны қалалықтарға белгілі. Жергілікті төтенше жағдай қызметкерлері батпақтың кесірінен өртті сөндіру мүмкін болмай отырғанын айтқан еді.
Осыған байланысты Шымкенттен арнайы МИ-17 тікұшағы жеткізіліп, өрттің үстіне 30 тоннаға жуық су шашқан. Сондай-ақ, ТЖМ қызметкерлері «Еврокоптер-145» тікұшағы арқылы да әуеден жиі мониторинг жасап отырған.