Қыркүйекте ауа райы құбылмалы болады деген болжам бар. Алғашқы онкүндікте термометр көрсеткіші 37 градусқа дейін көтерілсе, айдың ортасында бұл бағам 32-ге төмендемек.
Синоптиктердің сөзінше, үшінші декадада ауа температурасы 27–29 градус аралығында болады.
Мейіргүл ҒИЛАЖЕВА, «Қазгидромет» РМК АОФ жетекші инженер-синоптик:
– Орташа ауа температурасы 18–19 градус жылылықты көрсетеді. Бұл нормаға сай. Жауын-шашын мөлшері қалыпты болады деп күтілуде. Жаңбыр мен желдің күшеюі көбінесе бірінші және екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің соңында болады. Ал қыркүйектің бірінші бөлігінде найзағай мен дауыл күтіледі.