CaspianLife. 15 қазан. Оралға қарасты Желаев ауылы маңындағы карьер суының жасыл түске өзгеруі тұрғындарды алаңдатты.
Экологтер 13 қазанда судан сынама алған. Зерттеу нәтижесінде химиялық заттардың мөлшері рұқсат етілген шектен аспағаны анықталды. Судың жасыл түске боялуына микроскопиялық балдырлардың қарқынды көбеюі себеп болуы мүмкін.

