Бүгіннен бастап темекі және алкоголь өнімдерін сатып алу үшін жеке куәлікті алып жүру шарт емес.
Осыған дейін Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген ережеге сәйкес, сатушылардан тұтынушылардың түр-сипатына қарамастан құжат талап ету міндеттелген еді. Жаңа заң көпшілікке жақпай қалса керек, ұзақ уақыт күттірмей, министрлік толықтырулар енгізді. Енді саудагер сатып алушының 21 жасқа толғандығына күмәнданған жағдайда ғана құжатын сұрай алады.