Маңғыстау облыстық бас санитарлық дәрігердің № 37 қаулысының 4.7 ші тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі уақытша әр аптаның жұма күні өтетін болады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары 21-тамыз күні «Қасиет» медициналық орталығына қарама-қарсы жол бойындағы жаңа автотұрақта өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне келе алады. Онда бау-бақша, ет, сүт және балық өнімдері саудаға шығарылады.