Самал ықшамауданындағы 1 млрд теңгеге салынған өрт депосы бір жылдан бері пайдаланылмай тұр. Прокурорлардың сөзінше, өткен жылдың тамызында Құрылыс басқармасы қабылдап алған нысандағы жұмыстар жобалық-сметалық құжатқа сай жүргізілмепті.
Қажетті құрал-жабдықтар жеткізілмеген, ал су, жылу, электр желілері пайдалануға келмейді. Осы себепті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті нысанды қабылдаудан бас тартқан.
Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары:
– Атырау қаласындағы өрт депосы іске қосылмаған және Атырау облысы бойынша ТЖД оны өзінің кірісіне алмай жатыр. Себебі, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жұмыстар толығымен аяқталмаған.
Осы деректер бойынша прокуратура органымен жинақталған құжаттар ҚР ҚК 189 бабына сәйкес іс қозғалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жіберілген.