Елді жайлаған пандемия көптеген адамның өліміне әкелсе де, осы жылғы қаңтар–маусым айларының аралығында қазақстандықтардың саны өскен.
2020 жылғы 1-шілдеде еліміздегі халық саны 18760,2 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар 11 040 200 (58,8%) болса, ауылдықтардың үлесі 7 720 000 адамға (41,2%) жеткен.
Бұл былтырғымен салыстырғанда халық санының 252 300 адамға немесе 1,4%-ға өскенін білдіреді.