«Түбіртек талап ет те, жүлдені ұтып ал» акциясы жыл сайын жалғасып келеді. Мұндағы басты мақсат – тұтынушылардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу және көлеңкелі экономиканың алдын алу.
Аталған шара «Wipon» мобильді қосымшасын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Биылғы бас жүлде – әдеттегідей автокөлік емес, миллион теңге. Қатысу талаптарында да өзгерістер бар.
Әлия БАЙТЕМІРОВА, Атырау облысы МКД басқармасының бас маманы:
– Мобильді қосымшаға қолыңыздағы түбіртекті 3 күн ішінде енгізген жөн. Одан кейінге қалдырсаңыз, ол пайдаға аспай қалады. Сондай-ақ, жүлде талаптары да өзгерді. Мысалы, бұрын жүлде мөлшері 5000 теңгеге дейін болса, қазір түбіртектегі сомаға байланысты.
Маманның айтуынша, түбіртектер кез келген ірі сауда орны мен супермаркеттерде беріледі. Дегенмен басты назар бұл талапқа бағына бермейтін шағын дүкендер де болып тұр. Мұндай олқылықты байқасаңыз, бірден хабарлағаныңыз жөн дейді олар.