Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26%-ға, провизорлық орын саны 32%-ға қысқарды.
Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– 12 тамыздағы ахуал бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 10 638 науқас тіркелген. Оның ішінде 7 869 адам емделіп шықты. Бұл – қатерлі вирустан жазылып шыққандардың көрсеткіші 74 пайыз болды деген сөз. Науқастар саны азаюы себепті карантиндік станционарлар жабылды. Алайда эпидемиологиялық ахуал жақсарғанымен, алдағы жағдайды болжай алмаймыз. Сол себепті, жан-жақты дайындықты күшейтіп, короновирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек.
Атыраудағы барлық емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Дегенмен, бас дәрігер алдағы күз, қыс мезгілдерінде денсаулыққа салғырт қарамай, қорғаныш құралдарын пайдаланып, қоғамдық ортада арақашықтықты сақтап, кісі көп жүретін орындарға бармауға кеңес береді.