Caspianlife, 5 мамыр. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Маңғыстау облысында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленеді.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап хабарлады. Сонымен қатар, соғыс жылдарында жарақат, контузия, зақым немесе ауру салдарынан мүгедектік белгіленген 100 азаматқа, сондай-ақ ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендерге 60 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 235 920 теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіледі. Тағы 104 азаматқа, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге 50 АЕК — 196 600 теңге көлемінде көмек беріледі.
«Бүгінде Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының екі ардагері – Ольга Заривняк пен Василий Салазкин тұрады», – делінген хабарламада.