Caspianlife, 5 мамыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып, еліміздің бірнеше өңіріне дауылды ескерту таратты.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 5 мамыр күні, күндіз Атырау облысының батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі, ал облыстың оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Сонымен қатар, Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.