CaspianLife, 24 сәуір. Бұл шешім Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысында қабылданды.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубына (ФК) жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, клуб жанкүйерлерінің орынсыз әрекеттері үшін жазаланды. Олар 2025 жылғы футбол маусымының 4-туры аясында өткен «Атырау» — «Қайрат» командалары арасындағы матч кезінде отқұрал (фаер) жаққан.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, «Атырау» клубына 75 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 294 900 теңге көлемінде айыппұл салынды. Еске салайық, 2025 жылы 1 АЕК — 3 932 теңгені құрайды.