CaspianLife, 23 сәуір. Каспий теңізінде белгілі астрахандық ғалым Пётр Бухарицынды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Бұл туралы «Лотос» мемлекеттік телерадио компаниясы (Астрахань) хабарлады. Телесюжетте атап өтілгендей, Ресейдің Географиялық қоғамының Астрахань облысындағы бөлімшесінің жетекшісі, ғылым докторы, профессор Укатный аралы маңында, Ресей мен Қазақстан шекарасында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен.
ГТРК «Лотос» мәліметінше, Пётр Бухарицын Каспий жағалауының солтүстік бөлігін картаға түсіру мақсатындағы экспедицияны басқарған. Экспедиция Каспий флотилиясының кемесімен жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта оны флотилия қызметкерлері мен шекара қызметінің өкілдері іздестіруде. Ертең іздеу жұмыстарына «ЛизаАлерт» іздестіру-құтқару тобы қосылады деп жоспарлануда. Бұл жағдайға байланысты Ресейдің Калмыкия және Астрахань облысы бойынша ФҚҚ Шекара басқармасы түсініктеме берді.