CaspianLife, 10 сәуір. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Дәурен Қайыржанұлы Есқабылов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы «Ақжайық» МТР-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды. Резерват ұжымына жаңа директорды Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ризабек Дәулетов ресми түрде таныстырды.
Дереккөз: www.caspianlife.kz
Сурет: «Ақжайық» РММ-ның әлеуметтік желідегі парақшасынан