CaspianLife, 10 сәуір. Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасының Президенті аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін «Парасат» орденімен Владимир Александрович Яшков – С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қауымдастырылған профессоры, Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты ұйым марапатталды. Аталған Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.