CaspianLife, 6 сәуір. Түркі жұртына ортақ дүбірлі той өтіп жатқан Ақтауда, көк теңіздің жағасындағы үлкен сахнада қазақ елінің жарық жұлдызы Димаш Құдайберген бүгінгі гала концертке арнайы келіп, ән шырқады.
Димаштың ғажап әндерін тыңдауға келген көпшілік әншіні зор қошеметпен қарсы алды.
Елдің ыстық ықыласына риза көңілін білдірген Димаш маңғыстаулықтарды жерлестерім деп атады.
-“Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы ақсақал тұрып сәлем береді” деген атаулы сөзді жадына тоқыған халқым, ақтаулықтарым, жерлестерім, сый құрметтеріңізге, махаббаттарыңызға мың мәрте алғыс! Өздеріңізге басымды иемін! -“ деді Димаш Құдайберген.
Мәдени рухани шараның ашылу салтанатының басты қонағы болған, ғажайып даусымен әлемді өзіне қаратқан әнші Димашты қоштап қолпаштаған халық ду қол шапалығын үзбей, үздіксіз Димаш деп айғайлап тұрды.
Ірі көлемдегі айтулы шараға келген әнші осылайша теңіз жағалауына жиналған халықтың көңілін көкке көтерді.