CaspianLife, 13 наурыз. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азаматшалар М. мен Н.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.
Telegram-дағы «АТЫРАУ СОТТАРЫ» арнасының хабарлауынша, сот анықтағандай: «… сот отырысы барысында азаматша М. залдағы сот процесі кезінде қолымен компьютер мониторын және үш микрофонды әдейі зақымдаған. Сол уақытта азаматша Н. аяғымен сот залының есігін теуіп, оны сындырып, өзгенің мүлкін қасақана бүлдірген. Құқық бұзушылардың кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық ісінің материалдарымен дәлелденді».
Сот қаулысымен азаматша М. мен азаматша Н. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Дереккөз: www.caspianlife.kz