CaspianLife, 12 наурыз. Камызяк қаласында (Астрахан облысы) тығылмақ ойыны қайғылы жағдайға айнала жаздады: бала құбырға қысылып қалды.
Астрахань облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының мәліметінше, «… қыз өзі шығуға тырысқан, алайда аяғы көлденең тұрып қалған. Құтқарушылар алдымен құбырды қазып алып, кейін кесіп шығаруға шешім қабылдады».
Жоғары берікті асбестті цемент материал жұмысты қиындатты: діріл балаға ауыр тиді. ТЖМ қызметкерлері қызды қорғау үшін тақтайлар мен көрпелерді қолданды. 40 минуттан кейін бала құтқарылды. Медициналық көмек қажет болмады.
(Фото/видео Астрахань облысы ТЖМ)