CaspianLife, 7 наурыз. «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жануарлар теміржол маңында еркін жүріп, рельстерден баяу өткен, бұл апат қаупін тудырған. Машинист ұзақ дыбыстық белгі беріп, шұғыл тежеу қолданған. Жол дистанциясының қызметкерлері табынды жолдан алыстатып, қауіптің алдын алған. Оқиға салдарынан екі жолаушылар және үш жүк пойызы кідірген.
Кеше ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облысында пойыз қозғалысына кедергі келтірген жылқыларға қатысты Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жануарлардың иесін анықтады.
«Көлік полицейлері жылқылардың иесін теміржол қоршауы аймағында мал жаю ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 559-бабы 1-бөлігі) әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол Атырау облысы Сағыз ауылының тұрғыны болып шықты», — делінген хабарламада.
Дереккөз: www.caspianlife.kz
(Көрнекі сурет ашық дереккөздерден алынған)