CaspianLife, 25 ақпан. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанның курорттық аймақтарына 3,4 миллион турист келді. Қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 млрд теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті ең танымал бес туристік бағыттың рейтингін жариялады:
5-орын: Балқаш курорттық аймағы – Балқаш көлінің жағалауындағы ерекше аймақ 120 948 туристі табиғи сұлулығымен баурап алды.
4-орын: Алакөл курорттық аймағы – Абай облысындағы Алакөл 125 621, Жетісу облысында 113 059 туристі қабылдап, елдің маңызды табиғи жауһарларының бірі екенін тағы бір рет дәлелдеді.
3-орын: Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – аймақтың табиғи байлығы, орманы мен көлдері, курорттық кешендері 275 295 саяхатшыны қызықтырды.
2-орын: Маңғыстау курорттық аймағы – Маңғыстаудың таңғажайып пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауы 325 013 туристің демалу орнына айналды.
1-орын: Алматы тау кластері – рейтингтің көшін 1 996 801 турист келіп, табиғи және белсенді демалысты ұнататындардың сүйікті мекеніне айналған Алматы тау кластері бастады.
Суре: Азамат Сарсенбаев (Ақтау)