Caspianlife, 19 ақпан. Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығына сәйкес, «Әзербайжан әуе жолдары» әуе компаниясының ұшағы апатының салдарын жою және құтқару операциясына қатысқан қазақстандық құтқарушылар «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, марапаттар Ақтау қаласында Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлының қолынан табысталды.
Марапатталған ТЖМ қызметкерлері:
Қазақстан ТЖМ-ның наградталған қызметкерлері:
— Сейталин Азамат Серікұлы
— Аминов Тимур Владимирович
— Айдаров Қани Манапұлы
— Қараев Саясат Мұсаұлы
— Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы
— Күлханов Азымбек Шындәулетұлы
— Күзембаев Ербол Ахметұлы
— Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы
— Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы
— Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы
«Бұл марапат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы төтенше жағдайлар саласындағы берік ынтымақтастықтың символы болып табылады», — делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.