CaspianLife, 14 ақпан. Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Ал құқық бұзғандарға 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.
Мопедті басқару үшін азаматтарда А1 санатты жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Бұл көлік құралын А немесе В санатындағы куәліктермен де тізгіндеуге болады.
Айта кететіні, мопедті тіркеу үшін жеке куәлік, көлік құралының техникалық құжаты немесе техникалық сипаттамалары туралы мәлімет болуы тиіс. Сондай-ақ азаматтар мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.