CaspianLife, 6 ақпан. Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура мен ҰҚКД-нің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар газды кен орнынан ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, күдіктілер газ өндіру саласында қызмет ететін компанияның жұмысшылары болып шықты.
— Олар отын сақтау қоймаларындағы өлшеу құралдарына техникалық айла-шарғылар жасап, есепке алынбаған газ қалыптастырып отырған. Кейін бұл газды теміржол арқылы сатып жіберген. Кен орнынан сату нүктесіне бара жатқан жолда ұрланған газ тиелген 12 вагон ұсталды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталады. Тергеу шаралары жалғасуда, — деп мәлімдеді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.