Caspian Life. 3 ақпан. Қазақстан ТШО-дағы үлесін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Ол алдағы бірнеше жылда Теңіз кен орны бойынша өнімді бөлу туралы келісімшарттарды ел үшін тиімдірек шарттармен ұзарту жөнінде келіссөздер бастайтынын хабарлады.
Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР Энергетика министрі
«Бізде кен орындарын игеру мерзімдері, консорциумдағы мерзімдер негізінде ең өзектісіне серіктестері Chevron, Exxon Mobil, Лукойл болып табылатын ТШО, Теңіз кен орны жатқызылады. Яғни, біз олармен алдын-ала белгілі бір консультацияларды бастауды жоспарлап отырмыз. Олар мұндай келіссөздерді бастауға дайын болған кезде. Алдын ала Үкімет күн тәртібін қалыптастырады, өз талаптарының тізімін түзеді. Мүмкін болатын талаптардың бірі – Қазақстанның осы жобалардағы үлесін ұлғайту, осы туралы айтылатын болады. Біз алдағы бір-екі жыл ішінде ресми келіссөздер бастауымыз керек»
Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ТШО жобасының тек 20%-на ие. Ал 50 пайызына Chevron, 25 пайызына ExxonMobil, 5 процентіне «Лукойл» иелік етеді. Ескерер мәселе, ТШО бойынша қолданыстағы келісімшарт 2033 жылға дейін бекітілген.