Caspianlife, 23 қаңтар. 21 қаңтар күні түнде шамамен сағат 04:00-де 1968 жылы туған қала тұрғыны үйінен шығып, жоғалып кеткен.
22 қаңтар күні сағат 17:00-де полиция қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары (су астында іздейтін мамандар) Жайық өзенінің Жұмыскер шағынауданындағы бөлігінде іздеу жұмыстарын бастады.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 22 қаңтарда шамамен сағат 19:35-те жоғалған азаматтың денесі судан табылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Іздеу-құтқару жұмыстарына тоғыз құтқарушы, бес техника бірлігі, екі қайық және бір дрон жұмылдырылды.
(Сурет CaspianLife редакциясының мұрағатынан алынған)