CaspianLife, 20 қаңтар. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға кеше түнде Атырау–Дамба тас жолында болған.
«19 қаңтарда сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірім басқарған ВАЗ-2170 және 2000 жылы туған жүргізуші тізгіндеген Toyota Camry автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан 2009 жылы туған жасөспірім, ВАЗ-2170 көлігінің жолаушысы, оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
(Сурет: Редакция мұрағатынан)