CaspianLife, 14 қаңтар. 2024 жылы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында 63 009 481 тонна мұнай 584 танкерге тиеліп жөнелтілді.
КҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы КҚК құбыр жүйесіне ең көп мұнай Теңіз (26 819 535 тонна), Қарашығанақ (9 816 458 тонна) және Қашаған (17 209 596 тонна) кен орындарынан жеткізілген.
Жалпы статистика
2001 жылдың басынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін Теңіз–Новороссийск мұнай құбыры арқылы әлемдік нарықтарға 951 086 380 тонна мұнай экспортталған.
2024 жылға жоспарланған көлемдер
2024 жылы мұнай тасымалдау көлемі шамамен 70 миллион тонна болады деп болжанған. Бұл көрсеткіш КҚК бюджетіне енгізіліп, қаржылық шығындар, қуат көздерін резервтеу, антифрикциялық қоспаларды сатып алу және мұнай құбырының қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге арналған басқа да шығындар жоспарланған.
Алайда, 2024 жылы тасымалдау көлемі жоспарланғаннан 7%-ға төмендеген. Бұл жүк жөнелтушілердің алдын ала өтінімдерін орындамауына байланысты болған.
Құбыр жүйесінің сенімділігі
2024 жылы КҚК құбырының жұмысы барысында апатты жағдайлар немесе мұнай айдауды тоқтату оқиғалары тіркелмеген. Жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы ақпарат алдын ала хабарланып, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен келісілген.
КҚК туралы ақпарат
КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы энергетика саласындағы ірі жобалардың бірі. Теңіз–Новороссийск мұнай құбырының ұзындығы 1 511 км. Қазақстанның экспорттық мұнайының үштен екі бөлігі осы құбыр арқылы тасымалданады.
КҚК акционерлері:
- Ресей Федерациясы – 24%
- АО НК «ҚазМұнайГаз» – 19%
- Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%
- Лукойл Интернешнл ГмбХ – 12,5%
- Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5% және басқалар.
Сурет: Рахим Қойлыбаев (Атырау)