CaspianLife, 9 қаңтар. 2030 жылға дейін Қазақстанда көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайды, оның 3,7 мың шақырымы I санаттағы жолдар болады.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанның батыс өңірлерінде келесі ірі жобалар іске асырылмақ:
— Ақтөбе — Ұлғайсын (234 км)
— Атырау — Доссор (86 км)
— Жаңаөзен — Кендірлі (156 км)
— Атырау — Орал (орташа жөндеу, 516 км)
— Атырау — Чапай (136 км)
CaspianLife редакциясының ескертпесі: Сонымен қатар, аталған кезеңде ұзындығы 6,5 км болатын Жайық (Орал) өзені арқылы автомобиль көпірін салу жобасы басталады деп хабарланды. Алайда, көпірдің нақты қай жерде салынатыны әзірге нақтыланбаған.
(2030 жылға дейін жүзеге асырылатын жобалардың толық тізімімен МЫНА ЖЕРДЕ танысуға болады).