Caspianlife, 8 қаңтар. 2024 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар бойынша оң динамика байқалады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы кезеңде жалпы көлемі 777,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға артқан (610,2 млрд теңге).
Инвестициялардың өсуі елдің 12 өңірінде тіркелді. Өсу қарқыны бойынша көшбасшылар мыналар болды:
— Астана қаласы – 218,2% өсім;
— Батыс Қазақстан облысы – 94,5% өсім;
— Маңғыстау облысы – 50% өсім;
— Атырау облысы – 183% өсім;
— Түркістан облысы – 43,7% өсім.
«Бұл деректер Қазақстанның туристік инфрақұрылымын дамытуға инвесторлардың қызығушылығының артып келе жатқанын және саланың капитал тартудағы айтарлықтай әлеуетін көрсетеді», – делінген хабарламада.