SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск туиттердегі парақшасында Мысырдағы пирамидаларды бөгдеғаламшарлықтар салғанын жазған еді. Іле оның жазбасына перғауын жұртының билігі де жауап беріп, жас ғалымның жұмысына риза екенін және оның өз еліне келіп көне жазуларды зерттеуін өтінген.
Мысырдың туризм министрі Рания әл-Машат былай дейді:
– Сізді және SpaceX компаниясын көне жазулар арқылы пирамидалардың қалай салынғанын және оларды салушылардың да зираттарын зерттеуге шақырамын. Мистер Маск, біз сізді күтеміз.
Сондай-ақ, ол пирамидалардың құрылысына бөгдеғаламшарлықтардың еш қатысы жоқ екенін тілге тиек еткен.