Caspianlife, 30 желтоқсан. Оперативті деректерге сәйкес, ҚР ҰДО ГЗИ Деректер орталығының мәліметінше, 2024 жылдың 30 желтоқсанында Астана уақытымен 01 сағат 14 минутта (Гринвич уақытымен 29 желтоқсанда 20 сағат 14 минутта) Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы эпицентрдің координаттарын көрсетті: солтүстік ендік 41.54 градус, шығыс бойлық 49.98 градус. Магнитудасы mb=4. Энергетикалық класы K=10.9. Тереңдігі h=11 км.
Редакцияның ескертпесі: ҚР ҰДО ГЗИ – Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты.
Сурет: Рахим Койлыбаев