CaspianLife, 27 желтоқсан. Өткен аптада Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері есірткі жеткізудің халықаралық арнасын тоқтатты.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі сату кезінде үш Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.
Бұған дейін, ағымдағы жылдың қараша айында, ҰҚК департаментінің және Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік аймақтардан жеткізілетін есірткі тасымалының ішкі арнасы жойылып, 300 килограмнан астам каннабис топтағы есірткі тәркіленген болатын.
«Жоғарыда аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.