CaspianLife, 19 желтоқсан. Астрахань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы қызметіне Қанат Әбдікәрімұлы Хасенов тағайындалды.
Бұл туралы Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өз Telegram-каналында хабарлады. Ол Қазақстанның Астрахань облысының негізгі шетелдік серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
«Біз әртүрлі бағыттар бойынша тығыз байланыстар орнаттық. Бұл – сауда және өнеркәсіп, көлік және логистика, мәдениет пен туризм, медицина мен білім беру салалары. Біз өңіраралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлеміз. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы көршілерімізбен тығыз байланыстар қалыптасты. Алдағы жоспарымызда – Шығыс Қазақстан облысымен ынтымақтастық орнату бар. Жақында ғана Уфада өткен Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық форум аясында осы өңірлердің басшыларымен кездесулер өткіздім. Өзара ынтымақтастықтың болашақ жоспарларын талқыладық. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Қанат Абдықәрімұлының басшылығымен біздің аймақта осы жұмыстың белсенді қатысушысы болады деп сенемін», – деп жазды И. Бабушкин.
Сурет: Астрахань облысы губернаторының Telegram-каналы.