CaspianLife, 10 желтоқсан. Бүгін Жедел басқару орталығына автокөлік көпірінің (Берғалиев көшесі) қоршауында тұрған адам туралы және оның өзенге секірмек ойы бар деген хабарлама келіп түсті.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел түрде патрульдік көліктер жетті. Кейін белгілі болғандай, бұл 17 жастағы жасөспірім екені анықталды. Бейнежазбадан көрінгендей, полицейлер оны әңгіме арқылы назарын аударып, кейін күшпен көпірге тартып алған. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жедел-тергеу тобы жасөспірімді осындай әрекетке итермелеген себептерді анықтап жатыр.
(видео полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған)