CaspianLife, 22 қараша. Кеше таңертең Астрахань облысының Ахтубинск ауданында (облыстың солтүстік бөлігінде) ұшқышсыз ұшатын аппараттардың (ҰҰА) шабуыл жасау қаупі жарияланды. Бұл туралы аудан басшысы Владимир Михед хабарлады.
Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өз Telegram арнасында радиоэлектронды күрес және әуе қорғанысы қызметтерінің қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын жазды. Ол өңір тұрғындарын сабырлы болуға шақырды. Губернатор сондай-ақ аналитиктердің жалған ақпараттардың чаттар мен аудандар топтарына таратылуын байқап жатқанын айтып, азаматтарды тек тексерілген ақпаратқа сенуге шақырды.
«Барлық қызметтер қалыпты түрде жұмыс істеді. ҰҰА-ның бір бөлігі радиоэлектрондық құралдарымен жойылып, қалғаны әуе қорғанысы құралдарымен атып түсірілді, оның жұмысын тұрғындар да естіді. Атып түсірілген ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлауы кезінде өрт шығып, ол ТЖМ кезекші қызметі тарапынан жедел сөндірілді. Тұрғындар арасында зардап шеккендер мен азаматтық инфрақұрылымда бұзылулар жоқ», — деп хабарлады Астрахань облысының губернаторы.