CaspianLife, 19 қараша. Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен тонау жасап, халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz телеграм каналында жарияланды.
2018 жылы қаскүнем Ақтау тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, оны тонап кеткен.
Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.