CaspianLife, 4 қараша. Бұл туралы «ҚазМунайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған кезінде айтты.
«ҚазМунайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Асхат Хасенов жоспарлы алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен танысып, АМӨЗ басшылығына жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтап, барлық өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тұрақты технологиялық режимге шығуды тапсырды.»
«Кәсіпорынның ағымдағы қызметі мен стратегиялық міндеттері бойынша өткен кеңес барысында АМӨЗ-дің операциялық тиімділігін және энергия қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. А. Хасенов өндірістік және экологиялық жобаларды жүзеге асыруды, зауытты ұлғайтылған жөндеу аралық кезеңге көшуге дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
ҚМГ басшысы зауыт басшылығына жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Ол «ҚазМунайГаз» жағдайды қатаң бақылауда ұстайтынын және барлық күш-жігер қызметкерлердің Атырау МӨЗ-дің тұрақты, қауіпсіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екенін мәлімдеді.
«Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды үздіксіз жақсарту, жұмысшылар үшін жайлы және қауіпсіз еңбек шарттарын қалыптастыру қажеттілігіне тағы да назар аударамын. «ҚазМунайГаз» бұған басымдық береді. Сапа мен қауіпсіздікке қойылатын талаптардың артуы жағдайында кәсіпорынның жоғары талаптары мен сенімділігін қолдау қажет, осылайша зауыт тұрақты әрі тиімді жұмыс істейді», — деп атап өтті Асхат Хасенов.