— мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін – 27 шетел азаматы;
— мемлекеттік шекараны бұзу әрекеті үшін – 30 шетел азаматы.
Сонымен қатар, аталған кезеңде (қазан айында) мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалыстың 1 435 фактісі анықталды, оның ішінде:
— есірткі құралдары – 41 факт;
— қару-жарақ пен оқ-дәрілер – 91 факт (бір оқ өтетін қару, үш газды қару, 25 суық қару, 123 оқ-дәрі, 41 электрошокер);
— діни әдебиеттер – 23 факт (2 001 дана);
— жанар-жағармай материалдары – 459 факт (43 000 литрден астам), жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асады;
— тұтыну тауарлары – 616 факт, жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден астам (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 миллиард теңге, темекі өнімдері 377 миллион теңге);
— валюта – 204 факт, жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден асады.
Каспий теңізінде браконьерліктің 57 фактісі тоқтатылып, тәркіленген заттар:
— су көліктері – 31 бірлік;
— браконьерлік аулау құралдары – 70 км желі;
— бекіре тұқымдас балықтар – 299 (1 765,1 кг);
— басқа балықтар – 904 (2 165 кг);
— Итбалық – 13;
«Тоқтатылған зиянның мөлшері 671 миллион теңгеден асады. Осы фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жүгінуге жіберілді», — делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарламасында.