Нұрсая ықшам ауданының 15 мыңнан астам тұрғыны бір ай ыстық сусыз күн көрмек. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, тамыздың 27-сіне дейін орталық жылу жүйесіне қосылған 100 шақты тұрғын үйдің жылу құбыры қайта жаңартылады. Олардың түсіндіруінше, мұның бәрі қысқы мезгілде құбырдағы апатты жағдайлардың орын алмауы үшін жасалатын көрінеді.
– Нұрсая ықшамауданындағы 97 тұрғын үйге жылу құбырын жеткізетін диаметрі 426 магистральді жылу жүйесі қайтадан жаңартылады. Жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын күрделі жұмыс Нұрсая ықшамауданы тұрғындарының осыған дейінгі арыз-шағымдарын ескере отырып жасалғалы отыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – дейді қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Аңсаған САҒЫНБАЕВА
Жауаптылардың айтуынша, тек нұрсаялықтардың ғана емес, қысқа дайындық мақсатында қала аумағындағы басқа да көпқабатты үйлерде ыстық су 1 аптаға ажыратылып тұрады.