CaspianLife, 10 қазан. Атырау облысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді. Ол «облыс спорты» басшысына 1,7 миллион теңге көлемінде пара алу фактісі тағылғанын, бұл параның Олимпиялық резервті даярлау орталығына қарасты жаттықтырушыдан спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына шығу үшін бюджет қаражатын бөлу мақсатында алынғанын еске салды.
«Тергеу барысында оның мемлекетке үлкен зиян келтірген басқа да қылмыстарға қатысы анықталды», — деп атап өтті Данияр Бигайдаров.
Көрсетілген қылмыстық істер бойынша күдіктілер мен олардың қорғаушыларына алдын ала тергеу материалдарымен танысу жүргізілуде.