CaspianLife, 10 қазан. 7 қазан күні Миланда өткен «Қазақстан-Италия — Қазақстанға арналған сауда-инвестициялық мүмкіндіктер» атты жыл сайынғы форум аясында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) мен итальяндық жетекші компаниялар арасында бірқатар маңызды меморандумдар қол қойылды.
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) баспасөз қызметінің хабарлауынша, KPI бас директоры Дамир Ашимов IMI Remosa, Zeeco Inc. және CRI Enerbility компанияларымен меморандумдарға қол қойды. Бұл құжаттар мұнай-газ және мұнай-химия саласында жабдық, бөлшектер жеткізу және техникалық қызмет көрсету жөнінде ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жол ашады.
Ақпаратта көрсетілгендей, IMI Remosa компаниясы мұнай өңдеу және мұнай химиясы кәсіпорындары үшін клапандар мен приводтарды өндіруде әлемдік жетекші болып табылады. Zeeco Inc. компаниясы отынды жағу және экологиялық шешімдер бойынша озық жабдықтарды әзірлеу және өндірумен айналысады, ал CRI Enerbility компаниясы отқа төзімді жұмыстар мен өнеркәсіптік пештерді жобалауда танылған сарапшы болып табылады.
«Меморандумдар халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның жаһандық нарықтағы сенімді серіктес ретіндегі орнын нығайтады. KPI түрлі салалардағы әлемдік жетекшілермен байланыстарды дамыта отырып, Қазақстанда инновациялық жобаларды жүзеге асыруда», — деп хабарлайды KPI баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бір ай бұрын Берлинде «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС неміс компаниялары Möllers, Aventus, Zeppelin Systems және EKATO-мен ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды. KPI отандық тауар өндірушілерді қолдауға қызығушылық танытып отырғанын атап өтеді. Сонымен қатар, кәсіпорынның өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтың 40%-ын KPI қазақстандық жеткізушілерден сатып алады.
Сурет: KPI баспасөз қызметі.