CaspianLife, 18 қыркүйек. Ұлттық статистика бюросының дереггі бойынша, 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізге 566,5 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 515,8 мың шетелдік турист келген.
Туризм индустриясы комитетінің хабарламасында, шетелдік туристердің Қазақстанға келу географиясы жыл сайын кеңейіп жатқаны атап өтілген. Мысалы, жақын көршілерімізден бөлек, алыс шетелдерден де саяхатшылар келе бастады. Осыған орай, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізді ең көп туристермен келген 5 елдің тізімі ұсынылуда.