CaspianLife, 3 қыркүйек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкіметтің қаулысымен «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» атты коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
Су ресурстары және суармалау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, институтты орналастыру және оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін министрлік Маңғыстау облысы әкімдігінің коммуналдық меншігінен Ақтау қаласындағы әкімшілік ғимаратты және мүлікті республикалық меншікке қабылдады.
Институттың қызметі аясында Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеу, су деңгейінің төмендеу мәселесін қарастыру, ихтиофауна мен түлендердің жаппай қырылу себептерін зерттеу және олардың популяциясын сақтау қолға алынатын болады. Сондай-ақ, институт басқа Каспий маңы мемлекеттерінің әріптестерімен тығыз өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін болады.
Институт экожүйенің барлық бағыттары бойынша объективті және тәуелсіз ақпарат ұсынатын болады. Алынған деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан кешенді шаралар қабылдау үшін негіз болмақ. Ғылыми ұйымның құрылуы Каспий теңізін сақтау бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.
(Су ресурстары және суармалау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша)