CaspianLife, 22 тамыз. 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.
«Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды», — делінген ҰҚК шекара қызметінің хабарламасында.
Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілген.