CaspianLife, 22 шілде — Бүгін Атырау қаласында 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қалалық сенбілікке қатысты. Санитарлық тазалау жұмыстары Атырау қаласының төрт нүктесінде жүргізілді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Бипэк авто» ғимараты маңында қоқысты жинау жұмыстарымен облыстық әкімдік қызметкерлері айналысса, Хииктер поселкесінде департамент қызметкерлері, Элеваторный ықшамауданында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Бірлік ықшамауданы маңын қалалық әкімдік пен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері айналысты.
«Сенбілік аясында 30 тонна қоқыс жиналып, «Спецавтобаза» ЖШС-нің арнайы полигонына шығарылды. Жұмыстарға шамамен екі мың мемлекеттік қызметкер мен жиырма бірлік арнайы техника тартылды. Санитарлық жұмыстар апта сайын жүргізілетін болады», — делінген ӨКҚ хабарламасында.