CaspianLife, 10 шілде – Қайғылы оқиға бүгін, 10 шілдеде күндізгі сағат 11 шамасында қала маңындағы Құрсай ықшамауданындағы «Чебурашка» жекеменшік балабақшасында болды. Жүріп келе жатқан төрт жасар бала кәріз құдығына түсіп, суға батып кеткен.
«Қаладағы жеке меншік балабақшалардың бірінде 4 жастағы сәбидің кәріз құдығына түсіп қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды»,-делінген Атырау қалалық полиция басқармасы берген мәліметте.
Бұл дерекке облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Әбдірахманова да түсініктеме берді:
«Мұғалімдердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туылған бүлдіршіннің мәйітін балабақша қызметкерлері кәріз құдығынан алып шықты», — деп хабарлады ол.