CaspianLife, 4 шілде — Қазақстан ғарыш саласын дамыту мақсатында Қытайдан 100 миллион юань (15,1 миллион доллар) көлемінде грант алады.
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл қаржы есептеу астрономиясы мен астрофизикадағы модельдеуді бірлесіп дамытуға, ғылыми-техникалық инфрақұрылымды нығайтуға, Қытайда тәжірибе алмасу, оқыту және тағылымдамадан өтуге жұмсалмақ.
Осы бастамалар аясында екі ел ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.