CaspianLife, 17 маусым — 16 маусымда Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енген күні epetition.kz порталында заңға қарсы петиция пайда болды.
Петиция авторлары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдарға тосқауыл қоюды талап етті.
Авторлар қабылданған заң дәстүрлі тәрбие беру үдерісін криминализациялайды, билік азаматтардың жеке істеріне араласады, ал ата-аналардың көпшілігі соның кесірінен айыппұл төлеп, есепке алынып, тіпті ата-ана құқығынан айырылады деп санайды.
Мен Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен ата-ананы кінәлі ететін презумпцияға жол беретін, ата-ананың беделін түсіретін заңның орындалуына қарсымын. Ата-аналар – лоббистік қылмыскерлер емес. Бұл заңды бұғаттауды талап етемін! – делінген петиция мәтінінде.
Сондай-ақ петиция авторлары жауапкершілік «балаларды дәстүрлі емес жыныстық ориентацияға бейімдеу» үшін жасалған деп санайды.