CaspianLife, 6 маусым — Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта болған. Судағы қауіпсіздік ережесінің сақталмауы салдарынан 2022 жылы туған бала суға батып кетті.
Қазіргі таңда баланың денесі судан шығарылып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтауда.
ТЖД Маңғыстау облысының тұрғындарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.